699
image

Подагра — қан құрамында зәр қышқылының көбеюінен оның натрийлік тұзының (ураттардың) тіндерде жиналуынан дамитын созылмалы ауру. «Подагра» грек тілінің «аяқ» және «қақпан» деген екі сөзінен кұралған термин. Дерт дамуының басты механизмі — зәр қышқылы метаболизмінің бұзылысынан болатын гиперурикемия. Көрінісі гиперурикемиямен, басында жедел артриттің ұстамаларымен, кейін созылмалы артриттің дамуымен және бүйректің зақымдануымен сипатталады. Зәр қышқылы — эндогенді және экзогенді (тағаммен түскен) пуриндер алмасуынан түзілетін қалдық зат, ол қан құрамында натрий ураты түрінде жүріп, бүйрек арқылы бөлінеді. Организмде зәр қышқылының жалпы мөлшері 1000 мг жуық, оның 650 мг үнемі жаңарып отырады (бүйректен бөлініп және синтезделіп). Натрий уратының қандағы қалыпты деңгейі ер кісілерде — 0,3-0,42 ммоль/л, әйелдерде — 0,24-0,36 ммоль/л. Зәр қышқылының бұдан биік деңгейі (гиперурикемия) подаграның дамуына әкеліп соқтырады. Подаграның дамуында гиперурикемиямен қатар, зәр қышқылының бүйректен бөліну клиренсі және экскрециясының мөлшері маңызды. Қалыптыда зәр қышқылының клиренсі 6-7 мл/мин., тәуліктік уратурия 1,8-3,6 ммоль (300-600 мг) шамасында. Зәр қышқылы концентрациясының қан құрамында жоғарылауы мына себептерден болады:

1) метаболизмдік — зәр қышқылы синтезінің шамадан тыс артуы;
2) бүйректік — зәр қышқылы экскрециясының төмендеуі;
3) пуриндердің тағаммен көп мөлшерде түсуі;
4) аралас себептерден (зәр қышқылы синтезінің артуы, экскрециясының төмендеуі, пуриндерге бай тағамдарды тұтыну).

maksat.kz
img
1792
Сал ауруы..... Себеп-салдар
Сал ауруы..... Себеп-салдар
img
2468
Көш және көшбасшы
Көш және көшбасшы
img
4120
Белгілі продюсер Гулзира Айдарбекованың тұсау кесуі
Белгілі продюсер Гулзира Айдарбекованың тұсау кесуі
img
5454
MAKSAT MеД клиникасы
MAKSAT MеД клиникасы