255
image

Нәрестелердің физиологиялық сарғаюы. Қандағы билирубиннің транзиторлы жоғарлауы тәжірибе жүзінде барлық нәрестелердің өмір сүруінің 2-5 күнінде байқалады. Кіндік қанының сарысуындағы билирубиннің қалыпты концентрациясы 26-34 мкмоль/л болып табылады. Тәжірибе жүзінде нәрестелердің барлығында туылғаннан кейін алғашқы күндерінде қан сарысуындағы билирубин концентрациясы 1,7-2,6 мкмоль/л жылдамдықта жоғарлайды. Билирубин деңгейі 80 мкмоль/л жоғары болған кезде сарғаю айқын көріне бастайды, бұл физиологиялық сарғаю деп аталады. Дене салмағы төмен нәрестелерде терің сарғаюы қан сарысуындағы билирубин деңгейі көбіне жоғарғы көрсеткіштерде көрінеді, бұл баладағы теріасты шел майының жеткіліксіз дамуымен байланысты. Клиникалық түрде физиологиялық сарғаю туылғаннан кейін 36 сағаттан кейін көрінеді. Мерзіміне жетіп туылған нәрестелердің 50% -ында өмірінің 3-4 күнінде гипербилирубинемия өз шыңына жетеді, ал шала туылған нәрестелердің 80% -ында өмірінің 5-7 күнінде шыңына жетеді. Физиологиялық сарғаюда баланың клиникалық жағдайы қанағаттанарлық: бала белсенді, жақсы емеді, дене температурасы қалыпты. Тері қабаттарының сарғыштығы қызғылт сары тісті, Крамер шкаласы бойынша 1-3 аймақта орналасады. Бауыр мен талақ ұлғаймаған, зәрі ақшыл, нәжісі сары түсті. Бірінші аптаның соңында сарғаю біртіндеп өше бастайды және мерзіміне жеткен нәрестелерде 10-14 күні толығымен жойылады, ал шала туылған нәрестелерде 14-21 күні толығымен жойылады.

maksat.kz
img
974
Сал ауруы..... Себеп-салдар
Сал ауруы..... Себеп-салдар
img
1708
Көш және көшбасшы
Көш және көшбасшы
img
3288
Белгілі продюсер Гулзира Айдарбекованың тұсау кесуі
Белгілі продюсер Гулзира Айдарбекованың тұсау кесуі
img
4086
MAKSAT MеД клиникасы
MAKSAT MеД клиникасы