323
image

Құрсақішілік инфекция перинаталды кезеңде аурушаңдық пен өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Бұл жағдай  тұрғындардың денсаулығының нашарлауы, жұқпалы аурулардың көбеюі, жүктілік алды дайындықтың болмауымен байланысты. Соңғы жылдары жаңа туған нəрестелер өлімінің себептерінің бірі  ұрықтың құрсақішілік инфицирленуі 1-2 орын алып, өлім 45 % дейін жетуде. Құрсақішілік инфицирлену салдарынан болған дөрекі органикалық патология жəне эпилепсияның резистентті түрлері кейіннен мүгедектіктің ерте қалыптасуына əкеледі. Құрсақішілік инфекцияның көптеген түрлерінің ішінде политропты, жоғары нейротоксикалық жəне адам ағзасында ұзақ уақыт бойы персистенциялайтын қасиеті бар герпес вирус инфекциясы ерекше орын алады. Ана ағзасындағы созылмалы вирустық инфекцияның болуы құрсақішілік инфицирленудің себептерінің бірі болатыны анық. Жүктілік кезіндегі патологиялық жағдайлар (анемия, жүктіліктің үзілу қаупі, гестоз, токсикоз) ұрық гипоксиясын тудырады. Гипоксия жағдайында вирустардың көбеюі жылдамдайды. Зақымдаушы факторлардың қосарлануы (гипоксия, инфекция) жүйке жүйесінде патологиялық өзгерістер дамуына əкеледі. Аталған зерттеудің  мақсаты бас миының гипоксиясына ұшыраған балалардың қауіп-қатер факторлары мен клинико-нейросонографиялық ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.

maksat.kz
img
974
Сал ауруы..... Себеп-салдар
Сал ауруы..... Себеп-салдар
img
1708
Көш және көшбасшы
Көш және көшбасшы
img
3288
Белгілі продюсер Гулзира Айдарбекованың тұсау кесуі
Белгілі продюсер Гулзира Айдарбекованың тұсау кесуі
img
4086
MAKSAT MеД клиникасы
MAKSAT MеД клиникасы