724
image
Дәрілік электрофорез -организмге тұрақты тоқ арқылы дәрілік заттарды енгізу. Бұл әдісте организмге (адам ағзасына) екі фактор –дәрілік зат және гальваникалық тоқ әсер етеді. Дәрілік электрофорез әдісімен адам ағзасына неше түрлі дәрілерді енгізе отырып патологиялық ошақта енгізілетін иондарға  байланысты, қабыну процестері бәсеңдейді, ауырсыну азаяды, тамыр кеңейткіштік әсері- аллергиялық сезімталдықты азайту, нәрлендіреді, сіңісіп кету әсері тырысуға бейімділікті  азайтады,  биоынталандыру  және т.б. Электрофорездің беретін әсерлері: Қабыну процесінің белсенділігін төмендетеді Ісінуге қарсы әсері бар ; Ауру сезімін басады; Жоғары бұлшықет тонусын төмендетеді; Тыныштандыратын әсері бар ; Кіші айналымды жақсартады; Тіндердің регенерациясын жылдамтады; Биологиялық активті заттардың бөлінуіне қатысады (мысалы, витаминдер, микроэлементтер, гормондар); Ағзаның қорғаныс күшін белсендіреді. Дәрілік зат жасушааралық қуыстар және тер бездері арқылы ағзаға өтіп оң әсерін береді. Дәрінің көп бөлігі теріде және теріастылық-май жасушаларында тұрады,1 тәуліктен кейін барып қан айналымға түседі. Электрофорез қолдануға болатын аурулар Тыныс алу жүйесінің аурулары:       Бронхиальды демікпе; пневмония; Жедел және созылмалы бронхит; Бронхоэктатикалық ауру; трахеит; плеврит; ЛОР ағзаларының аурлары:   ринит; фарингит; тонзиллит; отит; гайморит; фронтит; Асқазан-ішек жүйесі аурулары: гастрит; асқазан және 12 елі ішек ойық жарасы; холецистит; панкреатит; колит; Жүрек-қантамыр жүйесі аурулары:    Артериальды гипертония; гипотония; атеросклероз; стенокардия; Варикоз; эндартериит; Зәр шығару жүйесінің аурулары:    пиелонефрит; цистит; уретрит; простатит; эндометриоз; аднексит; эндометрит; цервицит; вагинит; Жүйке жүйесінің аурулары:     неврит; невралгия; радикулит; мигрень; неврозы; Омыртқа аралық жарық; Ұйқысыздық; плексит; Бас және жұлын миының жарақаты; парез және паралич; ганглионеврит; Тірек-қимыл аппаратының аурулары:   остеохондроз; остеоартроз; артрит және полиартрит; спондилез; Сынық және шығу; Буын контрактурасы; Эндокринді жүйе аурулары:       Қантты диабет; Тері аурулары:  күйік; Безеу; себорея; тыртық псориаз; трофикалық жара; ойылулар; дерматит; фолликулит; фурункулез;  Көз аурулары иридоциклит; увеит; конъюнктивит; блефарит; кератит; көз нервінің атрофиясы Стоматологияда:   стоматит; гингивит; пародонтит; пародонтоз; Операциядан кейінгі реабилитация         операциядан кейінгі жара; операциядвн кейінгі тыртық. 1 жасқа дейінгі балаларға электрофорез қолданылады: Жоғары және төмен бұлшықет тонусы кезінде; Тірек-қимыл жүйесінің ауруы кезінде; диатез; ЛОР аурулары кезінде; күйікте. Қарсы көрсеткіштері: Ісіктер; Жүрек жеткіліксіздігі Асқыну сатысындағы қабыну Дене температурасының жоғарылауы Бронхиальды демікпенің ауыр сатысы Қан ұюдың бұзылысы Экзема,дерматит Терінің механикалық зақымдануы Электрофорез кезінде қолданылатын дәрілік затқа аллергия Ескерту: етеккір келуі электрофорез алуға абсолютты қарсы көрсеткіш болып табылады. Эуфиллинмен емдеу Эуфиллин өкпе,қантамыр,неврологиялық және басқа аурулар кезінде қолданылады. Кальциймен емдеу Бронхит, невралгия, неврит, миозит кезінде қолданылады.Әсіресе ортопедияда көп кальций жоғалтқан кезде қолданылады. Калиймен емдеу Тыныс алу жолдарының қабыну ауруларында, бронхиальды демікпеде, көз ауруларын емдеуде қолданылады. Электрофорезді жүктілік және гинекологияда қолдану Ешқандай қарсы көрсеткіштері болмаған жағдайда жүктәілік жіне лактация кезінде де қолдануға болады. Қан айналымды жақсарту үшін, бұлшықет тонусын төмендету үшін соның ішінде жатыр тонусын. Жүктілік кезінде мынадай жағдайларда қолдануға болмайды: құсу; бүйрек аурулары кезінде; қан ағу қаупі бар қан ұюдың төмендігі; ұрықтың нашар жағдайы; эклампсия (жүктіліктің екінші жартысындағы ауыр токсикоз ). maksat.kz
img
974
Сал ауруы..... Себеп-салдар
Сал ауруы..... Себеп-салдар
img
1708
Көш және көшбасшы
Көш және көшбасшы
img
3288
Белгілі продюсер Гулзира Айдарбекованың тұсау кесуі
Белгілі продюсер Гулзира Айдарбекованың тұсау кесуі
img
4086
MAKSAT MеД клиникасы
MAKSAT MеД клиникасы