889
image

Соңғы  жылдары қоғамда адамдар арасында есек сүті рак ауруына шипа деген өсек сөздер ел ішінде таралып жүр. Бұның қандай ғылыми негізі бар? Бұл сөзге сенуге болама? Медицина саласында қолдану дұрыс па? Осы мәселелер төңірегінде жоғары дәрежелі орындардағы ғылыми қызметкерлердің арнайы тексеріп зерттеп, жинақтап жазған ғылыми мақаласының нагізгі түйінін жұртшылықтың біліп алулары үшін ескертіп жазып отырмын.

  Гансу ауыл шаруашылық университеті, Шинжияң медицина университеті әлеуметтік денсаулық сақтау институтымен ауыл шаруашылық министрлігі ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын бақылап тексеру орталығында лабораторияда әр түрлі үй жануарлары мен адам сүтінің химиялық құрамын және оның қоректік қуатын тексергендегі нақтылы ахуалын төмендегі схемадан  көріңіз:

 

Түрі

Су құрамы

Құрғақ зат

Май

Ақуыз

Сүт қанты

Күл құрамы

Сиыр сүті

87,4

12,6

3,9

3,3

4,7

0,7

Су сиыр сүті

82,1

17,9

8,0

4,2

4,9

0,8

Ешкі сүті

81,6

13,0

4,5

3,3

4,6

0,8

Қой сүті

87,1

18,4

7,5

5,6

4,4

0,9

Түйе сүті

88,8

12,9

4,2

3,7

4,1

0,9

Жылқы сүті

90,0

11,2

1,9

2,6

6,2

0,5

Есек сүті

88,6

10,0

1,5

1,8

6,3

0,4

Адам сүті

88,6

12,4

3,4

1,3

6,4

0,3

 

  Жоғарыдағы жинақталып жазылған мәліметтерден, есекті басқа үй жануарларымен салыстырғанда, есек сүтіндегі су құрамы біршама жоғары, май, белок, күл құрамының мөлшері бір шама төмен екендігін байқауға болады. Бірақ, сүт қантының мөлшері жоғары екендігін, есек пен жылқының қандастығы жақын болғандықтан, есек сүті мен жылқы сүтінің құрамының бір-біріне онша алшақ еместігін, алайда құрғақ заты жылқы сүтінікінен төмен екендігін біліп алуға болады. Есек сүтінде  түрлі минералдық элементтер бар, оның ішінде кальцийдің мөлшері 84,9mg/100g болып, сиыр сүтінен төмен, бірақ қой сүтімен адам сүтінен жоғары, кальций фосфор салыстырмалы 1,7:1 қатынасындай болып, адам сүтіне бір шама жуық келеді. Есек сүтінің құрамында витамин С-ның мөлшері бір шама көп, сиыр сүтінің 4,75 есесіндей болып адам сүтіне жақын келеді, ал басқа түрдегі сүттегі витамин мөлшері бір шама төмен. Түрлі үй жануарларының сүті ішінде, есектің сүті адамның сүтіне ең жуық келетіндігі лабораториялық тексеру барысында анықталған екен. Алайда, есек сүтінің рак ауыруына шипа болатындығы жөнінде,медицина саласында клиникада тәжірибе жасап іс жүзінде қолданып, емдеу жүргізгендігі жөнінде ешқандай мәлімет жоқ. Сондықтан халық жұртшылығының кім көрінгенге сене бермеуін, әрқандай бір іске ғылыми тұрғыда  талдау жасау керектігін ескертпекпін. Әрқандай жануардың сүті рак ауруына шипа болмайды!

maksat.kz
img
974
Сал ауруы..... Себеп-салдар
Сал ауруы..... Себеп-салдар
img
1708
Көш және көшбасшы
Көш және көшбасшы
img
3288
Белгілі продюсер Гулзира Айдарбекованың тұсау кесуі
Белгілі продюсер Гулзира Айдарбекованың тұсау кесуі
img
4086
MAKSAT MеД клиникасы
MAKSAT MеД клиникасы