789
image

Қазір көпшілік дәрі-дәрмектен гөрі табиғи ем түрін дұрыс көреді. Соның ішінде ата-бабаларымыз ежелден емге қолданған тәсілдерге қызығушылық басым.Осындай тәсілдің бірі Құрқылтай ұясымен ем жасау.

Ел ішінде Құрқылтай ұясы бедеулікте таптырмас ем ретінде айтылады.Оның басқада кереметі көп көрінеді.

Атам – Әкемнің ағасы кезінде құрқылтайдың ұясымен талай адамды аурудан дәрісіз-ақ емдеп жазғанын білемін. Тіпті қазір дәрігерлер операция жасатпаса болмайды дейтін кеселдердің өзі осындай 1-2 емнен кейін жазылып кететінін көріп өстім.

Құрқылтай-қасиетті құс.Ол ұясын аң құс көп болатын қалың, ну орманда емес, қаупі аздау тоғайдағы биіктеу ағаштың ұшар басындағы бұтағына сілекеймен араластырып, тоқып «іледі». Бірақ берік бекітетіні сондай , желмен тербелседе жерге түспейді. Оған адам түгілі жорғалаған жыланда жете алмайды. Өйткені жылан қанша жармассада  бұтақтың иілгіштігінен жерге сырғып түсіп қалады. Атам бұл құсқа зиян тигізуге болмайды , киесі ұрады деп жиі айтып отыратын. Ал ұяны балапандары қанаттанып, ұшқан кезде күзде ғана жинайтын. Ұя 6-7 м биіктеу жерпде болады. Атам алдымен дұға оқиды. Сосын ат үстінде ерге аяғын тіреп тік тұрады да, мені көтереді.Қолыма ұзын таяқ беріп қояды. Мен ұяны сол таяқпен іліп алатынмын. Бұл менің шамамен 7-8 жас кезім.Құрқылтайдың ұясы ең алдымен бүйрек ауруына ем. Ауыл-аймақтағы бүйрегі суықтап-сыздаған, онда құм, тұз бар адамдарда дәрігерге емес,атама келетіні есімде.Ол кезде біз Өзбекстанда Бұқарада тұратынбыз. Атам бісімілласін айтып, бір ұяны ортасынан екіге бөліп, оны екі бүйрекке таңып қояды.Сыртынан жылы орап қою керек. Құрқылтай ұясы бұлінбейді, сасымайды. Сондықтан бүйрек суықтағанда оны қайтадан қолдана беруге болады.

Әлі есімде бала кезімде жатыр жарығымен ауырдым. Дәрігерлер оған операция жасау керек деді.Онда да кейін ұрпақсыз болу мүмкін екеніні ескертіпті.Олардың сөзін мұқият тыңдаған атам қолын бір сілтеп, үйге келді де, мені құрқылтай ұясының тұтынымен емдеді.Қазір міне қырықтан асып барамын. Аллаға шүкір ұл қызым бар.Бүгінгі медицинада операциясыз ем болмайды деген аурудан мен пышақ тигізбей, дәрі ішпей, аз-ақ күнде жазылып кеттім.

Өмірінде бір күн ауруқанаға жатпаған , дәрі де ішпеген атам жүз жасады.Өмірден өткенше тік жүріп,тік тұрды.Ол кісі «Құрқылтайдың ұясы 80 түрлі ауруға ем» деп отыратын.Балалықпен көп нәрсеге мән бермеппіз.Дегенмен есімде қалған біраз ем түрлерін айтайын.  Емді өзіңізде жасай аласыз.

Құрқылтайдың ұясымен имеделу үшін емші іздеп әуре болудың қажеті жоқ.Оны қалаған адам өзі ақ жасай алады.Емдік қасиеті бар шөптерден іріктеп,әрі сілекеймен өріле тоқылған ұя жібек сияқты болады.Оның біреуін бірнеше емге пайдалана аласыз.Бала шыжың болса , ересектерде зәрдің шықпауы немесе жиі мазалауында , қуыққа тас байланса, қуық қабынса ұядан азырақ бөліп алып, тұтіп, шұңқырлау темір ыдысқа саласызда,  оған азыраө адыраспан қосасыз.Оны адраспанды тұтеткендей тұтету керек. Қыз-келіншектер ұзын етек көйлек, ал ер адамдар белінен төмен жамылғы орап алып,сол тұтын басылғанша үстінде отырады.Оған ары кеткенде 10-15 минут уақыт ғана кетеді.Сосын жылы киініп алу шарт. Екі-үш рет жасаса жеткілікті. Өз басым зәр шықпай қалған жас балалардың бірінші ем кезінде-ақ шаптырып жібергенін талай көргенмін.

Тап осы амал әйелдердегі суықтану, жатырдағы басқада ауруларға,бедеулікте,ер-азаматтардағы жыныстық аурулар, бел омыртқасындағы желгеде шипа. Тізе буындарда,желкеде тұз болса, сары су жиналу, аяқ буындары ісіну, сүйектің қақсауында жаңа орылған бидайды сабағымен алып , құрқылтайдың ұясының аз ғна бөлігімен суға бір қайнатып,айналасын қымтап, сол қоймалжыңға тізерлеп отырады. Оны аз мөлшерде жасап, қалыңдау матаға салып, екі тізегеғ желкеге таңып қоюғада болады. Қаны қолю ұйып қала беретін адмдарға да осы амал ем.

Ғабит Алмақанұлы сондай-ақ онжыл бұрын сыныптасының үлкен қызының бір бүйрегі семіп қалғанын айтты.Ол қызды таныстары жоғарғыдағыдай тәсілмен; бүйрекке құрқылтай таңу арқылы емдеген екен,. Бүгінде жоғары оқу орындарының бірінде білім алып жүрген студент қыздың екі бүйрегі де сау дейді. Басқалай жағдайда ол қыз гемодиализге тәуелді болып, бүйрек алмастыру операциясын жастуына тура келетін еді.

Міне құрқылтиай ұясының ерекше қасиеті бар екен.Мұны да біле жүргеніміз жөн. Дегенмен ем екен деп қасиетті құстың ұясын балапандары қанағаттанбаған кезде алып,оның көбеюіне зиян тигізбеу жағын да ұмытпағанымыз жөн.Қай нәрсенің де обалы , киесі болатынын естен шығармайық.

maksat.kz
img
62
Сал ауруы..... Себеп-салдар
Сал ауруы..... Себеп-салдар
img
877
Көш және көшбасшы
Көш және көшбасшы
img
2392
Белгілі продюсер Гулзира Айдарбекованың тұсау кесуі
Белгілі продюсер Гулзира Айдарбекованың тұсау кесуі
img
2470
MAKSAT MеД клиникасы
MAKSAT MеД клиникасы