1249
image

Гайморит-мұрынның екі жағында орналасқан гаймор қуысының қабынуы.  Гаймориттің негізгі қоздырғыштары- инфекциялар мен бактериялар. Індет мұрын қуысы және қан арқыла гаймор қуысына түсіп, оны зақымдайды. Гайморит кезінде адам қатты әлсіреп, иммундық жүйесі төмендейді. Егер бұл ауруды дер кезінде емдетпесе мұрындағы ірің миға өтіп, менингит ауруын туғызуы мүмкін.Жедел гайморит кезінде науқастың жағдайы күрт нашарлап кетеді. Бастапқыда ауру мұрынның бітеліп, демалудың қиындап, тамақтың ауруымен шектеледі. Одан соң мұрын қуысына түссіз, жасыл немесе сары сұйықтық аға бастайды. Науқастың дене қызуы көтеріліп, өзін әлсіз сезідеді. Сонымен қатар, гайморит кезінде қызу көтеріліп, адам тез шаршайды, тамаққа тәбеті болмай ұйықтау режимі бұзылады. Ал, гаймориттің созылмалы түрінде қызу онша көтерілмейді. Науқастың иіс сезу қабілеті төмендеп, бас ауру көп орын алады. Және науқастың есте сақтау қабілеті де, жұмысқа қабілеттігі де төмендейді.

Емдеу жолдары

Гаймориттің белгілері біліне салысымен жедел түрде дәрігерге барып емделу керек. Гаймориттің созылмалы түрінде хирургиялық емдеу жолдарын қолданған жөн. Сонымен қатар, бұл ауруды мұрындағы белгілі нүктелерге массаж жасау арқылы да емдеуге болады. Ал, гаймориттің жедел түрін қалыпты жағдайда емдеуге болады. Көп жағдайда гайморит кезінде антибиотиктер қолданады. Ең маңыздысы мұрын гигиенасын ұмытпауымыз керек.

maksat.kz
img
1792
Сал ауруы..... Себеп-салдар
Сал ауруы..... Себеп-салдар
img
2468
Көш және көшбасшы
Көш және көшбасшы
img
4120
Белгілі продюсер Гулзира Айдарбекованың тұсау кесуі
Белгілі продюсер Гулзира Айдарбекованың тұсау кесуі
img
5455
MAKSAT MеД клиникасы
MAKSAT MеД клиникасы